18.09.2014
«Кездесу барысында К.Көкірекбаев Мемлекет басшысына Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен өңірді дамытудың алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы өңірдің жылу беру маусымына дайындығын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында ылғал сақтау технологияларын дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев облыста мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын индустриялық жобаларға айрықша назар аударды.
Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді.