18.09.2014
Бұл сандарды облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов «Қазақстан даму банкi» АҚ басқармасының өкiлдерiмен кездесу барысында айтты. Кездесудi ашқан өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов Қазақстан даму банкiмен терiскей кәсiпорындары белсендi байланыс орнатқанын атап өттi.
«Облысымыз — ауыл шаруашылығы жақсы дамыған өңiрлердiң бiрi саналады. Биыл мол астық жинауды көздеп отырмыз. Бұдан бөлек машина жасау саласының қарқыны да артып келедi. Ағымдағы жылдың 7 айында ғана өндiрiс көлемi 4,3 пайызға өсiп, 71,1 млрд теңгенi құрады. Бүгiндерi бiзде барлық механизмдер жақсы жұмыс жасауда. Сондықтан, Қазақстан даму банкi де облысымыздың гүлденуiне үлес қосады деген сенiмдемiн», — дедi өңiр басшысы.
Өңiр Қазақстанның даму банкiмен осы уақытқа дейiн 7 жобаны жүзеге асырыпты. Қаржылай қолдаудың жалпы сомасы 192 млн АҚШ долларын құраған.