17.09.2014
«Осы кодексте жанжалдарды шешу, инвесторларға қатысты мемлекеттің стандартты емес шешімдері кезіндегі қолданылатын шаралар, инвесторларды қорғау секілді бөлімдер қамтылатын болады. Осынау құжаттың әлемдегі ең озық құжатқа айналуын қалар едік», - дейді ол.
Оның айтуынша, жер туралы кодекс қабылдануы бірқатар өзге де заңдарды түзететін кешенді құжат болмақ.
«Қазіргі таңда кен-металлургия бөлімшелері мен Үкіметте, кәсіподақтарда, қауымдастықтарда және Ұлттық палата мен кәсіпкерліктерде құрылымдық жұмыстар жүріп жатыр. Қандай да бір жағдайда жаңаша шешім қабылдауға деген талпыныс жұмыс жемістілігіне әсер етеді», - дейді Николай Радостовец.
Индира Қауметова