• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Азия даму банкі  Алматыда ШОБ-ті дамытуға мүдделі 17.09.2014

«Кездесуде тараптар сараптамалық мәліметтер алмасу, гранттар бөлу мәселелері бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы ойларын ортаға салып, ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Соның ішінде инфрақұрылымды дамыту, қаланың алдағы уақыттағы қаржылық-банкілік секторының реформасы және шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету қажеттілігі, сонымен қатар материалдық-техникалық қаматамасыз ету мәселелері көтерілді», - деп хабарлайды кәсіпкерлер палатасы.

Палата директоры Артур Котеновтың айтуынша, кәсіпкерлер палатасы бүгінгі таңда кәсіпкерлер мен олардың мәселелері туралы ақпарат беруге дайын.

«АДБ мақсаты – Азия және Қиыр шығыс өңірлеріндегі экономикалық өсімге ықпал ету, сонымен қатар өңірлердегі дамушы мүше мемлекеттердің экономикалық өрлеуі процесін жеделдету. Біз Қазақстанның ең ірі қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қаржылық қолдау көрсету мақсатымен жиналып отырмыз. Соның ішінде бюджеттік жүйені нығайтып, қаржылық нарықтың дамуын ынталандырып, жеке секторға қолайлы  жағдай жасауымыз керек», - дейді АДБ жоспарлау және саясат саласының аға экономисі Сафдар Парвез.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар қаланың қаржы жүйесін дамытудағы ендігі қадамдар туралы пікір алмасып, өзара ынтымақтастық құруға сөз байласты. Азия даму банкінің өкілі қаланың дамуына көмек беретініне дайын екендігін айтып, соның ішінде энергетика, индустрияландыру, қаржы нарығын дамыту және ШОБ-ті дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді.


Back to the list