• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысында қойма құрылысының инвестжобасы мақұлданды 17.09.2014

«Биылғы жылдың тамыз айында «Алтын Дән» АҚ астық және күнбағыс шаруашылығы қоймасының құрылысына кіріскен. Оның жалпы көлемі жылына 24628 тонна өнім сақтауға жетеді. Нысанның пайдалануға берілу мерзімі шамамен 2015 жылдың тамызы. Жобаны құрудың мақсаты – астық және күнбағыс шаруашылығының тұқымдық дәндерін сақтау мен кептіретін қойма салу. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде және қажетті құрылыс материалдары мен арнайы техника сатып алынуда», - делінген хабарламада.

Құрылыс уақытында 30 адам жұмыспен қамтылып, пайдалануға берілгеннен кейін 10 адам тұрақты еңбек етпек.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында тиісті инфрақұрылым салу, кіре беріс автожолдарды қалпына келтіру бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілу қарастырылуда.

«Жалпы аталмыш жобаның іске асырылуымен өңірдің экономикалық әлеуеті артып, еңбек өнімділігі өсіп, өндірістік кідірістер азаймақ. Өңірдің анроөнеркәсіптік кластерінің тиімділігі артпақ», - делінген баспасөз хабарламасында.


Back to the list