17.09.2014
«Таяу шығыс мемлекетінің өкілдері «ҚазАгро» холдингінің құрамындағы – «ҚазАгроӨнім» АҚ еншілес компаниясы және оның серіктес-экспортер компаниясы «Empire Group Corporation» ЖШС-ның шақыруымен Қазақстанға келді. Сапардың мақсаты – республиканың ветеринарлық жағдайын зерттеу және Қазақстанның қой шаруашылықтары мен ет қайта өңдеу кәсіпорындарының «Халал» стандарттарына сәйкестігін сараптау», - делінген хабарламада.
Бахрейн Әмірліктері азық-түлік және аграрлық сала Комитетінің төрағасы Халед Әли Рашид Аламин бастап келген делегацияға мемлекеттік ветеринарлық қызметтің, карантиндық қауіпсіздік, логистика және бизнес қызметтерінің өкілдері де кірді.
Іс сапар барысында Бахрейн мамандары Алматы және Жамбыл облыстарындағы бірқатар мал шаруашылықтары мен ет комбинаттарын аралап, онда қойларды бағу жағдайымен, ветеринарлық қауіпсіздік, инфрақұрылым жағдайымен, малды сою және етін сақтау ережелерімен танысты.
Делегация мүшелерінің сөзіне сәйкес қазақстандық қой етін Бахрейнге жеткізу бойынша барлық қажетті шаралар өткізілгеннен кейін алғашқы уақытта жеткізілім тірі салмақта жүзеге асырылады. Кейін – тоңазытылған түрінде жетікізіледі.