16.09.2014
«Бензин нарығының жағдайына келетін болсақ, осы айда зауыттарда 250 мың тонна бензин өндіруді жоспарлап отырмыз. Зауыттардың жұмысы ауыр, барынша жұмыс істеуде. Ал, АИ-92 бензинін 186 мың тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Нарықтың сұранысы 280 мың тоннаны құрайды, ал, біз Ресейге үштен бірін импорттап отырмыз. Өздеріңізге мәлім, Ресейде Ачин МӨЗ-і апатқа ұшырады. Ол енді ғана жұмысқа кірісті», - деді ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Ресей кейбір өңірді бензинмен қамтамасыз етіп отырғандықтан, нарықта тапшылық пайда болды.
«Ағымдағы жылы Ресей бензинмен қамтып отырған өңірлер саны көбейді. Қорытындысында нарықта көлем бойынша жетіспеушілік пайда болды. Мұнай өнімдеріне баға бойынша өзгерістер енді. Егер салыстыратын болсақ, 128 теңге бізде, ал ресейлік жанар жағар май 160 теңге. Айырмашылық баршылық. Ресейден жоғары құнға сатып алып, Қазақстанда арзан бағаға өткізу үшін ешкім тәуекелге бармайды. Десек те, Үкіметте бензиннің қымбаттауын қолдамай отыр. Бүгін елдегі құн сақталып отыр», - деді ол.
Вице-министр атап өткендей, ҚМГ ұлттық компаниясына қазақстандық тұтынушыға ЖММ әкелу жүктелді.
«Бізде қыркүйек, қараша айларында астық жинау аяқталады. Сол үрдіске бағыттылаған бензин қайтадан нарыққа әкелінді. Сондықтан біз, барлығына тұрақты жұмысты ұсынамыз деген үміттеміз», - деді ол.
Индира Қауметова