15.09.2014
«Өңірлік кәсіпкерлер палатасы таңдап алған сервистік компаниялар қызметіне кәсіпкерлер оң баға береді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қостанай облысында ағымдағы жылдың маусым айынан бастап бизнеске қаржылық емес көмекті 5 сервистік компания көрсетті. Осы уақыт аралығында 350 кәсіпкер 500 қызметке ие болды.
«Мониторинг көрсеткендей, бухгалтерлік және салық есебін жүргізуді енгізу үлкен сұранысқа ие. Сондай-ақ, статесеп жасау да назардан тыс қалған жоқ. Қызметтер тек облыстық орталықта ғана емес, аудандарда, филиал бар жерлерде көрсетеді. Сондай-ақ, сервистік компаниялар көшпелі түрде де қызмет көрсетеді», - деді ӨКП сарапшысы Ренат Дәулетпаев.