• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қостанай облысында жалға берілетін пәтер салынды 15.09.2014

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жалға берілетін пәтердің құрылысына облыстық бюджеттен 49 млн теңге бөлінді.

Сондай-ақ, Федоровка ауданына барған сапарында облыс әкімі 89,5 шақырымға созылған су құбыры желісін жаңғырту бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асуын тамашалады. Жоба 3 жылға жоспарланған, 2014 жылы 29,9 км жөнделетін жүйенің 20,8 км жөнделді. Нысан 2015 жылы пайдалануға беріледі. Н. Сәдуақасов атап өткендей, су құбырын жаңғыртудан аймақтың одан әрі  экономикалық дамуы қалыптасады.

Сонымен қатар, облыс әкімінің қатысуымен ҰОС жылдары қаза тапқандарға арналған мемориалдың салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

«Мемориалды қайта жаңғырту жұмысына бюджеттен 26 млн теңге бөлінді. Мемориал 1980 жылы ашылған болатын, 1992 жылы граниттік плиталар орнатылды, онда от ортасынан оралмаған 457 адамның есімі қашалды», - деп хабарлады әкімдікте. 


Back to the list