• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ұлттық банк Т. Шевченконың 200 жылдығына арналған ескерткіш монеталарды айналысқа шығарды 15.09.2014

«2014 жылғы 12 қыркүйек Алматы  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылғы 12  қыркүйектен бастап номиналдық құны 500 теңгелік, «рroоf» сапалы  күмістен және номиналдық құны 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан Т.Г.  Шевченконың 200 жылдығына арналған ескерткіш монеталарды айналысқа  шығару туралы хабарлайды», - делінген хабарламада.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Т.Г. Шевченконың бейнесі  және екі украиндық ою-өрнек бөлігі орналастырылған. Жоғарғы бөлік орыс  тілінде «ТАРАС ШЕВЧЕНКО» деген және мемлекеттік және украин  тілдерінде «200 ЖЫЛ/РОКIВ» деген екі жазуды бөліп тұр.

Монетаның  жоғарғы бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан және күміс  монетада монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын  білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

 Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар: 1) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі –38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана;

 «Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны  бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын  тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.


Back to the list