15.09.2014
Алдағы демалыс күндері Астанада жыл сайынғы ел аймақтарының ауыл-шаруашылық жәрмеңкелері басталады. 20 қыркүйек күні алғашқы болып Алматы облысының фермерлері өз өнімдерін ұсынады.
Жәрмеңкеге Жетісу өңірінің 19 ауданы мен қалаларынан келген ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер қатысады.
Астаналықтар мен қала қонақтары үшін 50 ден астам өнім түрлері қаладағы базар бағасынан 10-20 пайыз төмен бағаға сатылады.
«Жәрмеңке күндері тұтынушыларға жалпы 450 тонна ауыл-шаруашылық өнімдері, соның ішінде 15 тонна қой еті, 16 тонна сиыр еті, 14 тонна жылқы еті, 4,2 тонна шошқа еті, 6 тонна құс еті, 12 тонна балық, 18,2 тонна сүт өнімдері, 52 тонна картоп, 194 тонна көкөніс, 12 тонна жеміс-жидек, 70 тонна өзге тауарлар ұсынылады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы Астанада ұйымдастырылған жәрмеңкеде Алматы облысының өкілдері 400 тоннадан астам өнім ұсынған болатын.