15.09.2014
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, коммуналдық кәсіпкерлік желілері мен құрылғыларын күрделі жөндеуден өткізуге 724,3 млн теңге, «ТКШ Жаңғырту» және «Ақ бұлақ» бағдарламалары аясындағы 4 жобаны іске асыруға 1235,5 млн теңге, 18 білім беру нысанын жөндеуге 2114,5 млн теңге, қатты және сұйық отын сатып алуға 651 млн теңге бөлінді.
«Өңірде қазіргі таңда білім беру нысандарының 637-сі дайын тұр. Бұл пайыздық көрсеткішпен 98%, ал денсаулық сақтау нысандарының жылу беру маусымына дайындық деңгейі 95%, яғни 428-дің 420-сы. Әлеуметтік нысандар бойынша бұл көрсеткіш 378 (81%), ал тұрғын үйлердің дайындығы 1266-дан 823 (65%)», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен «ТКШ Жаңғырту» және «Ақ бұлақ» бағдарламалары аясында және коммуналдық кәсіпкерліктердің өз қалталарынан 15,4 шақырымдық жылу желісінің 13,4 шақырымына жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жасалып, енді бірі жаңадан салынды. Бұл жалпы жоспардың 86,7%-ы. Су құбыры мен кәріз жүйелері бойынша жоспардың орындалу деңгейі 109,7% құрады. Ал, электр желілері бойынша көрсеткіш 90%.