15.09.2014
31 үйдің 29-ына жөндеу жұмыстары қабылданған кесте бойынша жүргізілуде: Ақжайық ауданы – 3, Бөкей ордасы – 5, Бурлин -4, Жәнібек -4, Теректі – 6, Орал қаласы-9.
Баспаналардың шатырлары ауыстырылып, подъездердің терезелері мен есіктері ауыстырылуда.
«2015 жылы аудан әкімдіктері мен Орал қаласының өтініштеріне сәйкес, көпқабатты пәтерлерге күрделі жөндеу жүргізу бойынша есеп құрылды: олардың саны 76, 653 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - деп хабарлады әкімдікте.