15.09.2014
ҰКП хабарлағандай, меморандумға сәйкес, тараптар билік пен бизнес арасында тиімді қызмет ететін диалог алаңын құруға мүдделі. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің өзекті проблемалары мен отандық бизнес бәсекелестігінің шешуші жүйесін құруға бағытталған.
«Сондай-ақ, консультативтік-кеңес органын құру жоспарланған. Оның құрамы ӨКП ұсынысы арқылы жиналатын болады. Оған 50 % бизнеске қатысты өкілідер тартылады. Консультативтік-кеңес органының отырысы айына 1 рет ұйымдастырылып отырады. Күн тәртібі бизнес-қауымдастықтың ұысынысы бойынша ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.
Меморандумға сәйкес, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері жер қатынастары бойынша комиссия, мемлекеттік сатып алу комиссиясы, мониторинг пен сараптама жүргізу жұмыстарына қатыса алады.
ККО басымдығы – кәсіпкерлік сұрақтарын шешу және қарастыру, әкімшілік кедергілерді жою, өңірлік институттардың жұмысын қамтамасыз ету, қазақстандық қамтуды көтеру, монополияға қарсы заңнама мен тарифтердің құрылу проблемаларын шешу.