14.09.2014
«Жиырма екі жылдан соң Жалағаш элеваторы қайта күріш қабылдады. Өткен жылы «Байқоңыр» ӘКК жанынан «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС құрылып, 42 шаруашылықпен келісім-шартқа отырған болатын. Бүгін диқандар 450 мың тонна күрішті элеватордың қамбасына әкеп құйды. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, аудан әкімдері, ауылшаруашылық саласының мамандары қатысты», - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Күріш негізгі дақыл болғанымен суды көп қажет етеді. Ғалымдар табиғатымызға төзімді тұқым шығарумен айналысып келеді. Тіпті, шетелдіктермен де мамандарымыз тәжірибе алмасып жүр. Нәтижесі де жоқ емес. Аймақ басшысы, ілкімді істі ілгерілету қажеттігін айтты.