14.09.2014
«Сату бағасы жылжымайтын мүлік қорының ішкі ережелеріне сай 1 шаршы метріне бекітілген 143 987,33 теңге бойынша жүзеге асырылып жатыр. Өтініштер Ақтөбе қаласында тұрғын үйлері жоқ, не болмаса тұрғын жайларын жақсартуға мұқтаж адамдардан www.fnsk.kz веб-сайты арқылы қабылданады», - делінген хабарламада.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры Ақтөбедегі жаңа тұрғын үй кешеніндегі 103 пәтерді сатпақ.
Хабарламада айтылғандай, үйді екінші деңгейлі банктер шарттарындағы алынатын үйлерді кепілдікке қоя отырып, соның ішінде Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қарыз қаражаты есебінен алуға болады.
Өтініштерді қабылдау уақыты 2014 жылдың 12 қазанында Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де басталады. Ал ақырғы өтініш 2014 жылдың 27 қазанында Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де аяқталады. Кезек өтініш беру уақыты бойынша қойылады.