13.09.2014
«Оқу-жаттығуға барлығы 750-ден астам адам мен 140 бірлік техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтынан жойқын жер сілкінісінің қаупі туралы мәлімет алынды. Осы болжам негізінде республикалық штаб халықты құлақтандыру, ТЖ-ның алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жиыны, ықтимал қирау аймақтарынан қауіпсіз аудандарға эвакуациялау жүргізу туралы шешім қабылдады», - деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитеті.
Оқу-жаттығуға еліміздегі азаматтық қорғау күштері мен құралдары жоғары әзірлікке келтірілді. Шығыс Қазақстан облысындағы шартты жер сілкінісі орнына облыстар, Астана және Алматы қалалары ТЖ департаменттері жедел топтарының, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдары жедел топтарының техникасы мен жеке құрамы жіберілді.
«Жер-2014» РКШОЖ қорытындысы бойынша оқу-жаттығу толық талқыланды, орталық және жергілікті атқарушы органдар басқару органдарының, құтқару және арнайы бөлімшелерінің жойқын жер сілкінісі салдарын жою бойынша іс-әрекеттерге әзірлігіне баға берілді, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмысын одан әрі жетілдіруге басым бағыттарды анықталды.