• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қорғаныс министрлігі: барлық стратегиялық бағыттар бойынша командалық кадрларды қалыптастыру жалғасуда 13.09.2014

Артиллеристердің жиыны өтіп жатқан «Мәтібұлақ» полигонында министр Т-72 және БМП-2 штаттық қаруынан жауынгерлік атыс жаттығуларына норматив тапсырушылардың байқауына қатысты. Министр сондай-ақ инженерлік-саперлік бригадада, жеке медицина отрядында, Құрлық әскерлерінің оқу орталығында болды.

Жұмыс сапары барысында министр Құрлық әскерлері әскери институтының жас офицерлермен кездесіп, үздіктерге Құрмет С.Ахметов әскери қызметшілер алдында сөйлеген сөзінде  «Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә.Назарбаев Қорғаныс министрлігіне Қарулы Күштерде жауынгерлік даярлықты нығайту жөнінде, қару-жарақ пен әскери техниканы жетілдіруде, әскер-техникалық әлеуетті арттыруда нақты тапсырмалар қойып «Қазірдің өзінде барлық стратегиялық бағыттарда жеткілікті түрде әскери топтардың құрылғандығын айтуға болады», - деді.

ҰҚШҰ шеңберінде өткізілген «Өзара іс-қимыл-2014», «Мызғымас бауырластық-2014», ШЫҰ аясындағы «Бейбіт миссия-2014» бірлескен жаттығуларына қазақстандық әскери қызметшілердің табысты қатысып Жас офицерлермен-жауынгерлік жарыс үздіктерімен кездесуде министр «Қазақстан армиясын құруда және жетілдіруде жұмысты жалғастыру қажет деді.

С.Ахметов сондай-ақ, қазақстандық офицердің «кіршіксіз беделді болуы, қойылған міндетті орындауда табандылық танытуы, әскери ұжымда мықты көшбасшылық қасиеттерді меңгеруі» тиіс екендігін қадап айтты.


Back to the list