12.09.2014
Республика аумағында тіркелген мүлікті заңдастыруға азаматтардан өтініш қабылдау үшін бүгінгі таңда облыс өңірлерінде құжаттарды қабылдайтын 21 пункт ашылып, оны қарастыратын 18 комиссия құрылды.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Қазақстанда мүлік пен капиталды заңдастыру науқаны басталды. Заңдастыруды өткізу идеясын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың 11 сәуіріндегі Ұлттық инвесторлар кеңесінде айтқан болатын.