12.09.2014
« «Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысы туралы брифингке қатысушыларды хабардар ете отырып, бұл бағдарлама аясында аймақта облыстың барлық аудандарында 44 жалға беретін тұрғын үй, Ақтөбе қаласында жас отбасылары үшін 2 жалға беру тұрғын үйі және 7 несиелік тұрғын үй құрылысы жоспарланған», - деді ол.
8 айдың қорытындысы бойынша жалпы алаңы 16,9 мың шаршы метр тұратын 8 жалға беру тұрғын үйі пайдалануға берілді, бұл жылдық жоспардың 84,0%-ын құрайды, сондай-ақ тұрғынүй құрылысы жинақтау жүйесі бойынша несиелік тұрғын үй бойынша жалпы алаңы 19,6 мың шаршы метр бір тұрғын үйі іске қосылды немесе бұл жылдық жоспардың 67,5%-ы.
«Осы мақсаттарға 5329,3 млн. теңге мөлшерінде республикалық бюджеттің қаржысы бөлінді, 8 айдың қорытындысы бойынша 2715,0 млн. теңге игерілді.Бұдан басқа, коммерциялық және жеке құрылыс салушылар салған тұрғын үй қорының 201,9 мың шаршы метрі пайдалануға берілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 119%-ды құрайды», - деді А. Мұхамбетов.
Атқарушы билік органдарының қызметінің тағы бір маңызы кем емес бағыты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту болып табылады.
Индира Қауметова