• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылы Ақтөбе облысында бизнесті қолдауға 5,3 млрд теңге бөлінді 12.09.2014

«Есептік тоқсанда шағын және орта кәсіпкерлікке ерекше назар аударылуда. Осы салада 130,3 мың адам еңбек етуде. 2014 жылдың 1 шілдесіне сәйкес, ШОБ тіркелген субъектілерінің саны 6,1 пайызға өсіп, 53,5 мың бірлікті құрады. Кәсіпкерлікті қолдау үшін 2014 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша  5,3 млрд теңге бөлінді, ол өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есеге көп», - деді А. Мұхамбетов.

Оған қоса, әкім атап өткендей, бағдарлама жұмыс істегелі бері Ақтөбе облысының кәсіпкерлері 11,9 млрд теңге көлемінде көмек алды.

Сондай-ақ, А. Мұхамбетовтың айтуынша, кәсіпкерлерді қолдаудың инфрақұрылымы дамуда. Барлық аудандарда кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы ашылды, олар «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қаржылық және консультативтік көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамыту орталығын ашты, ол жерде кәсіпкерлерге өз бизнесін ашу үшін кеңес жүргізіледі.

Индира Кауметова


Back to the list