12.09.2014
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, өңірде ауыл шаруашылығы саласы бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда елеулі жұмыстар, атқарылуда. Айта кетер болсақ, егістікті әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, мақта және бидайдың егіс алқаптары кемітіліп, көкөніс, картоп, бақша дақылдарының көлемі ұлғайтылып, жалпы егіс көлемі 794,0 мың га жетті.
Озық технологиялар енгізу бойынша тамшылатып суару әдісі 32,0 мың га, жылыжайлар 800 га жеткізілді.
Сондай-ақ, мал шаруашылығын дамыту іс-шарасы бекітіліп, осыған орай, ағымдағы жылы қосымша 10,2 мың тонна, сүт, 14,5 мың тонна ет, жұмыртқа 3,4 млн. дана өндірілетін болады.