• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Хромтау ауданында соңғы төрт жыл ішінде 8 балабақша ашылды– әкімдік 12.09.2014

Облыс әкімдігінде хабарлағандай,  Ақтөбе облысы Хромтау қаласында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында жүргізілген күрделі жөндеуден кейін 175 орындық  балабақшаның ресми түрде ашылу салтанаты өтті.

Жаңа балабақшаның ашылуы  40 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде осы балабақшада енді мүмкіндігі шектеулі адамдар да жұмыс істейтін  болады.   

Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде 520 балабақша жұмыс істейді. 41 мыңнан астам бала мектепке дейінгі балабақшамен қамтылған. Бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының артып келе жатқанын көрсетеді.

 


Back to the list