11.09.2014
2014 жылдың алғашқы сегіз айында Алматы қаласы бойынша «Даму» қорының өңірлік бөлімшесі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қалалық 20 кәсіпкерге 412 млн 115 мың теңгенің кепілдігін берді.
Төрт жыл бұрын аталмыш бағдарлама ашылғаннан бері 30-дан астам кәсіпкер 792 946 405 теңгенің кепілдігіне қол жеткізген.
Жыл басынан бері «Даму» қоры кәсіпкерлердің 289 жобасының пайыздық үстемесін субсидиялады. Бүгінгі таңда төленген субсидия көлемі шамамен 1 млрд 738 млн теңгені құрап отыр. Жалпы құрылған келісімдер бойынша субсидиялау көлемі 2 млрд 610 млн теңгені құрайды.
Ал 2014 жылға субсидиялау мақсатында бөлінген бюджет көлемі 3 млрд 099 млн теңгені құрайды.
Қазіргі таңда Қор кәсіпкерлерді ақпараттандыру-кеңес беру мен қаржылық қолдау бойынша 25-тен астам бағдарламаны іске асырып жатыр.