11.09.2014
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директор – Астық ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәбит Қашқымбаев хабарлағандай, қазіргі уақытта еліміздегі негізгі астық егетін өңірлерінде жаппай егін жинау енді басталғандықтан, нарықтағы астық бағасы толық қалыптаспаған. Бағалардың арасында қатты өзгерулер байқалады. Сәйкесінше, трейдерлер кейіннен астықты сатқан кезде одан ең көп пайда алу үшін оны арзан бағаға сатып алғысы келеді.
Сондай-ақ астық нарығындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттарының бірі астық бағасының демпингін болдырмау екенін айрықша айту керек.
«Осылай қазіргі уақытта Азық-түлік келісім шарт корпорациясының коммерциялық астық ресурстарының сатып алу бағасы төмендегідей белгіленді:3 сыныпты Triticum aestivum L. бидайға:23-24% балуыз, заттай салмағы 730 г/л жоғары болғанда ҚҚС төлеушілер үшін тоннасына 35 000 теңге және ҚҚС төлемейтіндер үшін тоннасына 33 950 теңге;25% балуыз, заттай салмағы 750 г/л жоғары болғанда ҚҚС төлеушілер үшін тоннасына 36 000 теңге және ҚҚС төлемейтіндер үшін тоннасына 34 920 теңге. 2 сыныпты арпаға: ҚҚС төлеушілер үшін тоннасына 24 000 теңге және ҚҚС төлемейтіндер үшін тоннасына 23 280 теңге», - делінген хабарламада.
Азық-түліктік бидайды сатып алу көлемі 1 млн. тонна.
Сонымен қатар, Бірыңғай астық холдингінің мүшелеріне Азық-түлік келісім шарт корпорациясынан астықты қайта сатып алу құқығы қарастырылған. Бұл механизм Бірыңғай астық холдингінің Басқарушы кеңесінің құрамындағы Қазақстан фермерлер одағымен келісілді.