10.09.2014
Мәжіліс барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев трансформация бағдарламасын іске асыру кезінде Қор белсенді инвестордың моделіне назар аударатынын атап өтті. Осы модель еншілес компаниялардың директорлар кеңесінің күшеюін, қызметтің негізгі көрсеткіштері (KPI) арқылы міндеттерді дұрыс қоюды, Қордың портфелін оңтайландыру мен жекешелендіруді және Қордың әлеуетін кәсіби акционер ретінде арттыруды болжайды.
«Қазпочта» - ұлттық почта операторы. Оның әлемдегі жетекші компаниялардың деңгейінде болуы маңызды. Маккензи талдауы көрсеткендей, Қазпочтада еңбек өнімділігі төмен. Біз тарихи қалыптасқан операциялық қызметтерді толығымен қайта қарауымыз, оларды автоматтандыруымыз және артықтарын алып тастауымыз керек», - деді Шөкеев.
«2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы «Қазпочта» АҚ жиынтық кірістері 13% өсіп, 30,5 млрд. теңгені құрады. Компания өз тиімділігін арттыру мақсатында алға қойылған барлық мақсатты орындау бойынша жоспарлы түрде жұмыс істеуде. Қызметтер мен сервистің бәсекеге қабілеттігінің әлсіздігі, тұтынушылардың қанағаттанбаушылығы, ауылдық бөлімшелердің төмен рентабельдігі кезінде қол еңбегінің үлкен көлемімен жаңа технологияларды енгізу ғана емес, басқаруды және корпоративтік мәдениетті ұйымдастыруды өзгерту де талап етілетінін түсінеміз»,- деді Б. Мусин.
Қазіргі уақытта «Қазпочта» АҚ-да трансфорция жобаларымен жұмыс бойынша 36 сарапшыдан тұратын команда құрылды. Компания қызметкерлерден технологиялар мен процестерді жақсарту жөніндегі идеялар мен ұсыныстарды жинау үшін портал құрды.