• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Субсидияларды беру процесі автоматтандырылады – АШМ 10.09.2014

«Қазақстандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату аясында «Агробизнес-2020» бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Бағдарламаның жүзеге асу кезеңінде АӨК дотация деңгейі 4,5 есеге өспек, бұл салаға 10 трлн. теңге көлемінде жеке инвестицияны тартуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.  

Бұдан басқа азық-түлік өнеркәсібі саласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін несиенің қолжетімділігін жоғарлату мақсатында Жол картасының жобасы әзірленді. Атап айтқанда, қарыз алу үшін құжаттар тізімі қысқартылды, кепілдік қамтамасыз ету түрлері кеңейтілді, несиені беру үрдісі автоматтандырылуда. Соған қоса, АӨК қаржыландыру нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін «КазАгро»ҰБХ» АҚ қайта құру ұсынылып отыр. 

Алғаш рет халықаралық, сондай-ақ Ресейдің тәжірибесіне сүйене пайыздық мөлшерлемені арзандату бағдарламасын жүзеге асыру барлық АӨК субъектілеріне таралады, оның ішінде айналымдағы және негізгі қаражатқа берілетін несие, ауыл шаруашылығы жануарлар, құрал-жабдықтар және техника лизингісі бар.  


Back to the list