• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылдың қараша айында KEGOC акцияларына жазылу күтілуде – Е.Бахмутова (ФОТО) 10.09.2014

«KEGOC-қа келер болсақ, компания қор нарығына шығуға дайын. Біздің ойымызша, компания акциялары алдағы қараша айында сатылымға шығарыла бастамақ. Естеріңізге сала кетейік, 10 пайыз минус бір акция сатылады. Ал желтоқсанның екінші жартысында екінші деңгейдегі нарықтағы акциялардың саудасы басталмақ», - дейді Е.Бахмутова.

Бұрындары айтылғандай, KEGOC компаниясы Қазақстандық қор нарығына 2014 жылдың желтоқсан айында сатылымға шығарыла бастамақ. «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында компанияның 10 пайыз минус бір акциясы нарыққа жол тартады.

Акция көлемі мен оның құны трагетирленген табыс негізінде анықталып, АҚ-ның дивиденттік саясаты таза табыстың кемінде 40 пайызы деңгейіндегі қарапайым акциялар бойынша дивидент төлейтін болады.

Бастапқыда 2012 жылы «Халықтық IPO» бағдарламасының бірінші толқынында республиканың қор нарығына екі ұлттық компания: «ҚазТрансОйл» АҚ мен KEGOC шығарылады деп жоспарланған. Алайда 2012 жылдың күзінде тек «ҚазТрансОйлдың» ғана акциясы сатылды. Ал KEGOC-тың акциялары тек 2013 жылдан бастап саудаланды. Ал өткен жылы компания ішкі қор нарығына толықтай шығып үлгермеді.

Индира Қауметова

Суретке түсірген Азамат Алиев


Back to the list