10.09.2014
Қала әкімінің орынбасары, жария ету комиссиясының төрайымы Зәуре Нұрмұқанованың мәлімдеуінше, 2 қыркүйектен бастап комиссияға 200-ден астам азамат өтінішпен келді.
«Тұрғындардың өтініштері әкім аппаратының кеңсесі арқылы қабылданады. Құрамына салық, әділет инспекциясы, БТИ мен басқа органдардың өкілдерінен тұратын жария ету комиссиясы жұмыс істейді. Қала бойынша барлығы 19 аттестатталған сарапшы жұмыс істейді», - деді Зәуре Нұрмұқанова.