10.09.2014
«2014 жылдың қыркүйегінде Қор 14 компанияны саудаға шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда сату алды шаралары аяқталуда», - дейді Е.Бахмутова.
Оның айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрамындағы 9 компания, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-ның 2 компаниясы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бір үлескер компаниясы мен «Самұрық-Қазына» Қорының екі компаниясы сатылымға шығарылмақ.
Айта кету керек, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ активтері электронды байқау әдісімен сатылмақ. Ол үшін кәсіпкерліктің бағытын сақтай отырып, жұмыс орындарын қысқартпау шартымен кәсіпкерліктер жекенің қолына өтпек, деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі. Қалған активтер ешқандай да шарт жасаспай электронды бәссауда тәртібімен жүзеге асырылмақ.
Қор төрағасы орынбасарының айтуынша, «Самұрық-Қазына» активтерді сату процесінің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды. Сатылымға шығарылған нысандар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитеті сайтында дереу жарияланып, әлеуетті инвесторлармен түсіндіру жұмыстарының белсенді жұмыстары жүргізілмек.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» Қорының жекешелендіру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінен құралған Қор нысандары мен активтерін сату комиссиясы құрылды.
Өздеріңізге де белгілі, ҚР Үкіметі «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын дайындады. Ондағы мақсат Мемлекет басшысыныың тиісті тапсырмаларын өз деңгейінде іске асыру.