10.09.2014
«Жалпы, қыркүйектің басына дейін 43 нысан сатылды. Соның 24-і тамыз айында жекеге берілді. Атап айтар болсақ, оның біреуі республикалық меншік болса, 17-сі коммуналдық меншік, ал холдингтер бойынша 8 нысан жекешелендірілді», - дейді ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, сатылым сомасы 1,25 есеге артқан.
«Бүгінге дейінгі жалпы сатылым сомасы 1 339 млн теңгені құрайды. Бұл бастапқы кездегіден 1,35 есеге артық», - дейді ол.
Вице-министрдің пікірінше, бүгінгі таңда сатып алушылар саны 24-ке жетті.
«Сатып алушылар саны - 24. Оның 17-сі заңды тұлға, 2 жеке кәсіпкерлер мен резиденттер және резидент еместер», - дейді.
Индира Қауметова