• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ағымдағы жылы кәсіпкерлерге 88 мың тегін қызмет көрсетілді – ҰКП 10.09.2014

Төртдеңгейлі құзірет орталықтары ел кәсіпкерлеріне бизнес-консалтинг және ШОБ-қа  «бір терезе» тәртібінде мемлекеттік қолдау  саласында қызметтер кешенін ұсынады.

Қазіргі таңда республика  облыстарында кәсіпкерлерге қызмет көрсететін 17 орталық , моноқалаларда 27 орталық жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, ауылдық жерлерге баратын  арнайы қондырғымен жабдықталған 14 автобус шалғайдағы аудандардың бизнесі жайлы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы кәсіпкерлерді қолдайтын 161 орталық өз жұмысын бастады. Бірнеше ай ішінде орталық мамандарының көмегіне 2300 кәсіпкер жүгінді. Бизнеске сервистік қолдау көрсету бойынша 35 мың адам кеңес алды. 


Back to the list