09.09.2014
Жиында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев қысқы маусымға дайындық жұмыстарының атқарылуы және «ҚР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасының облыста орындалу барысы турасында баяндама жасады.
Облыс орталығында қазіргі таңда екі көпқабатты тұрғын үй пилоттық жоба негізінде ыстық суға қосылды. Биылда бұл жұмыстар жалғасын тауып, келер жылы кем дегенда қаладағы тұрғын үйлердің тең жартысы ыстық сумен қамтылмақ. Жылу маусымына дайындық қазанның 1-і күні аяқталады.
«Жалпы, жиын барысында ауыз су, электр энергия мәселелері де сөз етілді. Мәжілісті қорытындылаған аймақ басшысы жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуіне және отын қорын жинақтауды басты назарға алуды сала басшыларына тапсырды», - делінген хабарламада.