08.09.2014
Еліміздің экономикалық әлеуетінің артуында республикамыздың батыс өңірі мен Қызылорда облысындағы мұнай компанияларының, ондағы еңбек етіп жатқан мұнайшылардың үлесі зор.
«Мұнай өндіру көлемі Қызылорда облысында азаттықтың алғашқы жылдарымен салыстырғанда 3 есеге артты. Еліміздің экономикасының 45 пайызы мұнай-газ саласына байланысты. Сондықтан Сіздердің қажырлы еңбектерініңіздің арқасында мемлекет дамып келеді. Мұнай компаниялары халықтың әлеуметтік жағдайында ұмыт қалдырған емес», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Салтанатты шарада сала үздіктері облыстың «Құрмет» грамотасымен, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» және ҚР Энергетика министрлігінің төсбелігелермен марапатталды