08.09.2014
«2014 жылдың қаңтар-шілде айларында шығарылған өнімдер келесідей:макарон өнімдері 10 357 тонна (2013 жылдың тиісті кезеңіне 119,0 %); сүт пен кілегей 537 тонна (2013 жылдың тиісті кезеңіне 100,4%);ұн 89 990 тонна (2013 жылдың тиісті кезеңіне 88,2%);жаңа пісірілген нан 11 987 тонна (2013 жылдың тиісті кезеңіне 88,9%);шұжық өнімдері 706 тонна (2013 жылдың тиісті кезеңіне 120,0%)», - делінген хабарламада.
Атап өту керек, 2013 жылы астаналықтар 570 мың тонна, яғни күніне 1,5 мың тонна тамақ өнімдерін тұтынған.
Астананың өз өндіріс орындарының есебінен қала нан, макарон өнімдері және ұнмен толық қамтамасыз етіліп отыр.
Қаланың азық-түлік тұтыну көлемінің 35%-ы, яғни 190 мың тоннасы азық-түлік белдеуінен жеткізілсе, қалғаны басқа аймақтар мен шетелдерден тасымалданады.