• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«AtamekenStartup» бизнес-идеялар байқауы қатысушылар жобасын бизнеске айналдырады – Тазабеков 05.09.2014

«Байқаудың арқасында жастар сенімді әрі белсенді бола бастады. 100 стартаптың 3-4 бизнеске кірігеді, демек 500 жобаның 40-50 бизнеске айналады», - деді ол.

«AtamekenStartup» - ҰКП жобасы. Сәнге айналған «стартап»  сөзі даму сатысындағы, және де өз бизнесін не жаңа инновациялық идеялар негізінде, не енді ғана пайда болып жатқан технологиялар негізінде құрушы, жақында ғана ашылған компанияны (тіпті әзірше заңды тұлға болып табылмауы да мүмкін) білдіреді.

 Atameken Startup Қазақстанның барлық қалаларында жастарды жинап, қызықты бизнес-идеяға байқау ұйымдастырумен айналысады.Байқауға 16-18 және 30-35 жас аралығындағы адамдар қатысады.

«Жобалардың басым бөлігі IT-саласында ұсынылады, бұл айқын үрдіс себебі қазір жаңа технология заманы болғандықтан осы бағытта бизнес ашу өте тиімді және арзан. Бұл жастар байқауы, себебі 99 пайызы 16-18 және 30-35 жас аралығындағы жастар болып келеді», - деді Н. Тазабеков. 

Индира Кауметова 


Back to the list