• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Еңбек адамы» байқауына 30 ақмолалық қатысады 05.09.2014

ҰКП хабарлауынша, байқаудың басты мақсаты – елдің түкпір-түкпірінен, мейлі ол қала тұрғыны болсын, мейлі ол ауыл жастары болсын белсенді және кәсіби, дарынды жұмыскер жастарды іріктеп шығару.

«Байқау жастардың тек жұмыскер кәсіптерін игеруіне мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар осы саланы халық арасында барынша кеңінен таратуға жол ашады. Жеңімпаздар республика бойынша жұмысшы кәсібін насихаттап, бағалы сыйлықтарға қол жеткізеді», - дейді Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Алма Біралина.

Естеріңізге сала кетейік, байқау жұмысшы кәсіптерінің беделін арттырып, оны халық арасында кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Оған 29 жасқа дейінгі жұмысшы жастардың кез келгені қатыса алады. Әділ қазылар жеңімпаздарды 6 аталым бойынша анықтайды.


Back to the list