05.09.2014
«Құрылыс Ақсай қаласындағы Қарашығанақ-1 деп аталатын шағын шартты ауданда басталды. Тоғыз қабатты 144 пәтерлі тұрғын үй «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында қолға алынуда. Үшінші сыныпты пәтерлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кестесімен халықтың барлық санатына арналып салынуда», - деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Айта кету керек, жан-жақты жоспарлау жобасы дайындалды. Оған сай жаңа шағын ауданда 13 көппәтерлі үй мен мектеп, балабақша, мәдени-сауықтыру орталықғы салынбақ. Мұнда жалпы саны 1350-1500 отбасы өмір сүрмек.
Жоба 2018 жылға дейін есептеліп, үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезең қазіргі таңда аяқталды. Аймақ түзелтіліп, инженерлік коммуникация толықтай жүргізілген. Кіреберіс жолдар салынған. 900 орындық мектеп 2009 жылы пайдалануға берілді. 320 орындық балабақша жобасы сараптамадан өтті. Сонымен қатар, мәдени-сауықтық орталық құрылысының орны анықталды.
Жалпы, бірінші жартыжылдықта 2 тұрғын үй берілді. Жас отбасыларға арналған үшінші сыныпты 90 пәтерлі үй мен төртінші сыныпты 75 пәтерлі үй.