05.09.2014
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен басталған жекешелендірудің екінші толқыны барынша мол қазақстандықтарды кәсіпкерлік қызметтерге тартуға мүмкіндік береді. Осылайша бәсекелестік ортадағы кәсіпкерліктер саны артатын болады.
«Ақтөбе облысында 18 кәсіпкерліктерді жекешелендірілетін болады. Инвесторлардың тартылуы осы кәсіпкерліктердің дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін. 18 нысанның 9-ы облыстық бағынышты кәсіпкерлік болса, тағы 3-еуі биыл жекешелендірілді. Оған облыстық тіл оқыту орталығы, «Ақтөбе өңірлік ғылыми-техникалық ақпараттандыру мен білім беру сапасы орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпкерлік пен «Облыстық салауатты өмір салтын құру орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпкерлік. Квазимемлекеттік сектордағы субъектілерді жекешелендіру мемлекеттік экономикаға қатысуын шектеп, жекелеген салаларда жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашады», - дейді.
Оның айтуынша, облыста 2014 жылға арналған жекешелендіру нысандары сатылым кестесі бекітіліп, жекешелендіру бойынша тұрақты комиссия құрылды. Шараның ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында мүлікті сату бойынша біріңғай электронды алаң қолданылады.
«Нысандарды жекешелендіру туралы ақпарат, соның ішінде сатылым кестесі баршаға қолжетімді және қаржы басқармасы сайтында жарияланады», - дейді Д.Айтенова.