• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Заңдастырудың алғашқы 3 күнінде Астана мен Ақтөде облысы әкімдігіне 200-ден астам адам келді 04.09.2014

«Заңдастырудың алғашқы 3 күніндегі халықтың ағымынан-ақ науқанға оң баға беруге болады. Бірінші күні Астана әкімдігіне 140 адам, ал Ақтөбе облысы әкімдігіне 70-тен астам адам келді», - дейді А.Теңгебаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мүлікті заңдастыру өтініштері 2015 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады. Ал капиталды 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін заңдастыруға мүмкіндік бар.

«Өздеріңізге де мәлім, Қазақстанда жаппай декларациялау шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Президент 2 қыркүйектегі Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында айтқан. Ал қазіргі рақымшылық жаппай декларациялау жолы», - дейді ол.

Вице-министрдің айтуынша, мүлікті заңдастыру үшін қаражатты аударатын 206110 мемлекеттік классификатор арнайы коды ашылды.

Етеріңізге сала кетейік, мүлік пен қаражатты заңдастыру 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүрмек.

Камила Амирова

 


Back to the list