04.09.2014
«Өздеріңізге белгілі болғандай, геодезия мен картография біздің экономикамыздың негізі болып есептеледі. Себебі, картографиялық және геодезиялық материалдармен қамтамасыз ету экономикалық дамудың нүктесі болып есептеледі», - деді Б. Смағұлов.
Оған қоса, сессияда 35-ші сессияда қойылған сұрақтар мен тапсырмалар қарастырылады.
«Сессия жұмысында алдыңғы өткен жиында қойылған жұмыстар мен тапсырмалар шешілетін болады. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу,техникалық ұжымның біліктілігін арттыру, профессорлық-оқытушылық құрамның арасындағы тәжірибе, картографикалық ұлттық қордың сандық жүйеге енуі сынды сұрақтар талқыланады», - деді ол.
Өз кезегінде геодезия және картография саласының әлеуеті қала мен облыстарды картографиялық заманауи материалдармен қамтамасыз ету болып табылады.
Индира Кауметова