04.09.2014
Е.Нұрхановтың айтуынша, жылыту маусымына дайындық жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр. Қысқа қарай 20 қазандық пен 8 тұрба дайындалмақ. Жоспар бойынша, 9 325 метр қашықтықтағы жылу желісін жөндеу көзделген бүгінгі таңда бұл жұмыстың 82 пайызы орындалған.
Сонымен қатар, 5 586 км қашықтықтағы сумен қамту, 1800 метрлік су жіберу нысандарын жаңғырту мен күрделі жөндеу, қалпына келтіру жүргізілуде. Желінің жалпы ұзындығы 7 386 метр. Соның ішінде жалпы жоспардың 2 948,48 метрінің жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Орталық жылыту желісіне қосылған көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы саны қалада 1 331-ді құрайды, бүгінгі таңда осы үйлердің 60,9 пайызы қысқа дайындалған.