03.09.2014
Байқауға KASE қор нарығы мүшелерінің (брокерлердің) клиенттері болып табылатын жеке тұлғалар қатыса алады.
Байқаудың шарттарына сәйкес, байқау кезінде қатысушылар KASE Индексінің өкілетті тізіміне енгізілген акциялардың нақты сауда-саттығына қатысады.
Байқау барысында, қатысушы аталмыш акцияларды сатып алуға және/немесе сатуға кемінде екі мәміле жасасуы тиіс.
Байқаудың өту барысында, акциялармен жасалған мәмілелердің нәтижелері бойынша ең жоғарғы кіріс алған үш қатысушы байқаудың жеңімпазы атанады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Өтінімдерді қабылдау 2014 жылдың 15 қыркүйегінен 08 желтоқсанына дейінгі аралықта жүргізіледі.