03.09.2014
«Бәссауданы өткізудің алдын ала болжамды уақыты 2015 жылдың наурыз айы», - деп хабарлайды «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің ресми порталы.
Бәсекелестік ортаға «ҰТДА» АҚ қатысу үлесі бар «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-мен үлестес ұйымдарды беру жоспарлануда.
Ұйымдардың бекітілген капиталда қатысу үлесін іске асыру Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікке ие серіктестіктер туралы» заң мен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-мен үлестес заңды тұлғалар капиталдарындағы үлеске қатысу тізімінің типтік ережесі және бәсекелестік ортаға «ҰТДА» АҚ-на берілетін заңды тұлғалар капиталындағы қатысу үлесін беру ережесінің талаптарын орындай отырып «Ақпараттық-тіркеу» АҚ тарапынан анықталған тәртіпке сай www.gosreestr.kz веб-порталында жүзеге асырылатын болады.