• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбеде жас кәсіпкерлер идеясының жәрмеңкесі  өтті 03.09.2014

Шара жеңімпазы ретінде күмістен ұлттық зергерлік бұйымдар өндіру жобасы танылды.

Жас кәсіпкерлер мектебінде өткен жылы 29 жасқа дейнігі 60 адам білім алған. Екі апталық оқытудан кейін оның әрқайсысы өздерінің бизнес-жобаларын дайындады. Бірінші іріктеу сынынан кейін финалға 7 жоба өтті. Олардың арасында фаст-фуд өндірісі, балаларға арналған инновациялық такси, жиһаз өндірісі, ұлттық зергерлік бұйымдар, әйелдер киімі цехы, шағын кинотеатр, сауықтыру-алдын алу кешені бар.

«Қазылар жобаларды инновациялық деңгейі, тиімділігі, болашағының бар-жоғы, әлеуметтік немесе экологиялық әсерінің болуы, жұмыс орындарын ашуы бойынша бағалады. Жұмыс қорытындысы бойынша бірінші орынға көптеген тұтынушылар сұранысын қанағаттандырумен қатар жергілікті халықтың мәдени деңгейін көтеруге де серпін беретін күмістен ұлттық әшекей бұйымдарын жасау жобасын лайық деп тапты», - делінген хабарламада.

Екінші орын тиісінше Ақтөбеде сауықтыру-алдын алу кешені жобасына бұйырды. Ал үшінші орын жиһаз маталарын дайындау жобасына бұйырды.

Ереже бойынша бірініші орын иегері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыруға қол жеткізіп, КazFranсh 2014 көрмесіне қатысуға мүмкіндік алады.


Back to the list