• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе қаласының мүлікті заңдастыру комиссиясына 70-ке жуық адам жүгінді 03.09.2014

Қалалық әкімдікте хабарлағандай, азаматтарға барлық жағдайлар жасалған. Таңертең комиссияға 50 адам, түстен кейін 20 адам келді. Негізінен ақтөбеліктер кеңес алуға келеді. Оларды қандай мүлік заңдастыруға жатады, комиссияға қандай құжаттарды әкелу қажет деген сияқты сұрақтар қызықтырады.

Заңдастыруға заңды тұлғаның ақшалай қаражаты, құнды қағаздары, жарғылық капиталына қатысу үлесі, құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі алып отырған жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Ақтөбе қаласының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) жататыны белгілі.

 


Back to the list