02.09.2014
Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Т.Шойынбековтің хабарлауынша, жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында жалпы сомасы 6,4 млрд. теңге болатын 74 жоба қаралып, мақұлданған. Бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 34 млн. теңге грантқа ие болған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің 4-еуі мүмкіндігі шектеулі азамат, 8-і әйел, 4-еуі жас кәсіпкер.
«Сонымен қатар бизнесмендерге пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және ішінара кепілдік ету тұрғысында да ірі көлемде қолдаулар көрсетілуде. Сөйтіп, Алматы облысы несиелік портфельдің көлемі жағынан 3-ші орында тұр», - дейді Т.Шойынбеков.
Бүгінгі күні әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі факторы болып саналатын шағын және орта бизнесте экономикалық белсенді халықтың 30 процентке жуығы еңбек етеді.