02.09.2014
ҚР ҰКП Азық-түлік өнеркәсібі комитеті хатшылығының хатшысы Ербол Есенеевтің айтуынша, мемлекет көкөніс тұқымы қоймасын салып жатқан кәсіпкерліктердің 50 пайызға дейін субсидиясын төлеуі керек.
Аталмыш ұсыныс жаңғыртылған және замануи құрылғылармен қамтамасыз етілген көкөніс тұқымы қоймасының жетіспеушілігі мәселесі күн тәртібінен түсер емес. Қазіргі қолда бар қоймалар кезіндегі кеңес заманында салынған дүниелер.
Ербол Есенеевтің айтуынша, республикада жылыжай көкеністері де тапшы.
«Халықтың маусымаралық кездегі көкөніске деген сұранысы бар болғаны 30 пайызды құрайды. Жылыжай өндірісі тиімділігі мен көкөніс өнімдерінің өзіндік құны соңғы өнім құнына тікелей әсер етеді», - дейді.
Осыған орай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы солтүстік өңірлердегі жылыжай ғимраттарындағы жылу мен электр қуатының шығындарын өтеуді қарастыруды ұсынады. «Бұл қазақстандық қамту көлемін арттырып, көкөніс өнімдерінің импортын азайтады», - дейді Ербол Есенеев.