• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада мүлікті заңдастырудың бірінші күні  арнайы комиссияларға  140-тан астам адам өтініш білдірді 02.09.2014

Осыған байланысты азаматтарға ыңғайлы болуы үшін Астана қаласының барлық аудандық әкімдіктері жанынан арнайы комиссиялар құрылды.

Азаматтардан құжаттарды қабылдау әкімдіктердің ғимараттарында жүзеге асырылады.

Аудандық әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, Мүлікті заңдастыру бойынша арнайы комиссияларға түске дейін 141 адам, соның ішінде 55 - Алматы ауданы, 65 - Сарыарқа, 21 - Есіл ауданына өтінішпен келген.

Комиссия мүшелерінің айтуынша әзірше азаматтар мүлікті заңдастыруға қажетті құжаттар тізімін, шарттарын білу үшін т.б. жалпы сұрақтар бойынша кеңес алуға келуде.
Айта кетерлік жайт,  Астана қаласы әкімдігі құзіретіне кіретін мүлікті жария ету объектілеріне құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) жатады.

 


Back to the list