02.09.2014
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, көрмеге қатысушылар қатарында аймаққа танымал кәсіпорындар мен бизнесте алғашқы қадамын жасағандар да бар.
«Мәселен,көрмеге қатысушы ІІ топ мүгедегі Ақмарал Байлауова «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында несие алып, қағаз сөмкелерін даярлайтын арнайы құрылғыны сатып алды. Бұл инновациалық жоба, себебі қағаз сөмкелер полиэтиленнен жасалғандарға қарағанда экологиялық таза өнім», - деп атап өтті әкімдіктен.
Ағымдағы жылы байқау үш номинация бойынша жүріп жатыр: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халық үшін үздік тауар» және «Үздік азық-түлік тауары». Барлық қатысушылар өз тауарларын кеңінен таныстырып қана қоймай, жаңа өткізунарығын табуды да көздеуде.